Күз келгенде құс іздеп әнші бақтан – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Күз келгенде құс іздеп әнші бақтан» атты Шәмшия Жұбатова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1292
Күз келгенде құс іздеп әнші бақтан,
Жүрегіме қып-қызыл тамшы қатқан.
Жайсаң жазым соңына бұрылмады,
Ернеуінен үзілтіп бал шұбатқан.
Жан досым-ай, жайымды білші ғаріп,
Ән айта алмай қойдым мен үн шығарып.
Сылдыр-сылдыр еткенге тайыз десем,
Тұңғиыққа әкетті тылсым ағып.
Суық жаңбыр бетіме бүркіп менің,
Ашқызбады жанымның кірпіктерін.
Белдеудегі күреңді босатар ем,
Жолатпады жанына үркіп керім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз келгенде құс іздеп әнші бақтан өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Күз келгенде құс іздеп әнші бақтан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз келгенде құс іздеп әнші бақтан өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз келгенде құс іздеп әнші бақтан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері