Жылымық күн, жетпеді жерге демі – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Жылымық күн, жетпеді жерге демі» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 761
Жылымық күн, жетпеді жерге демі,
Құстар біткен қанатын сермеледі.
Жауып өтті ақ жаңбыр, тиылмады
Сағынышы жүрегін тербегелі.
Жұпар аңқып сәуірдің жаңбырында.
Аңқылдайды көңілі таң нұрында.
Сағыныш бар адамның өмірінде,
Сағыныш бар құстардың тағдырында.
Тежей алмас тіршілік тізгінімен,
Лықсып ағып көк мұхит жүзді кілең.
Құстар біткен жарысып самғай ұшты
Қанат таққан қиялдың үздігімен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылымық күн, жетпеді жерге демі өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Жылымық күн, жетпеді жерге демі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылымық күн, жетпеді жерге демі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылымық күн, жетпеді жерге демі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері