Кең далаға жаяды күз қанатын – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Кең далаға жаяды күз қанатын» атты Шәмшия Жұбатова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 713
Кең далаға жаяды күз қанатын,
Түрі бар-ау күні ертең сызданатын.
Көлеңкелер көбейіп көлбең қақты
Жасыл жаздың дидарын қызғанатын.
Жасыл жазым... мәңгілік емес пе еді,
Қыр басында қалыпты елестері.
Ақшыл тұман көлбеңдеп келе жатыр,
Бауырында тірліктің көмескі елі.
Көмескі әлем келеді дөңеспенен,
Ескертпеген, ешкіммен кеңеспеген.
Ақ жаулықты әз ана дала кезіп,
Бесік жырын айтады белеспенен.
Әлдиіне, кең дала, тербеле бер,
Тербелмеске болмайтын жел де келер.
Қарлығашты жаңа күн қанатымен
Жақсылықтар келеді елге нелер.
Санаңа бір салмақты сырық қадап,
Көзге сурет тұнады қырық қабат.
Жасыл жазым соңғы рет қол бұлғады
Мойнын артқа тағы да бұрып қарап.
Жасыл жазым соңғы рет қол бұлғады,
Қол бұлғаудан тұрады жолдың бәрі.
Жанарынан жайлаудың жаз қараған,
Қоя алмаспын кейінге ол күнді әрі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кең далаға жаяды күз қанатын өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Кең далаға жаяды күз қанатын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кең далаға жаяды күз қанатын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кең далаға жаяды күз қанатын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері