Жолыма әкеп қызғалдағын төсеген – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Жолыма әкеп қызғалдағын төсеген» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 597
Жолыма әкеп қызғалдағын төсеген,
Жүріп келем мен бір шулы көшемен.
Нені күтіп, кімді көрсем дейді екен,
Дүрсілдейді сорлы жүрек кешеден.
Қарсы алдымнан қол ұсынып жан аға,
Кіріп келем мен бір жарқын қалаға.
Сүгірет қып салып жатыр таңбасын,
Сағыныштың сары табы санада.
Тежедім де құстай ұшқан ат басын,
Қағып тұрдым биік үйдің қақпасын.
Әзіз ана ақ жаулығы желбіреп,
Ықыласпен ұсынады тәтті асын.
Жолға шықсаң, жан сарайың кеңіген,
Жол үстінде таныдым-ау сені мен.
Ұлы өмірдің ұлан-ғайыр тынысы
Сергітеді сапарларда демімен.
Тыныштықтан тұншықтым да, салдым ән,
Тіршілікте сол бір әннен қалды мән.
Түн ішінде құшақ жайып алдымнан
Жым-жырт ауыл шыға келді қалғыған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолыма әкеп қызғалдағын төсеген өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Жолыма әкеп қызғалдағын төсеген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолыма әкеп қызғалдағын төсеген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолыма әкеп қызғалдағын төсеген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері