Мағыналы өмірдің бағамында – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Мағыналы өмірдің бағамында» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 773
Мағыналы өмірдің бағамында,
Қаңтар еріп барады табанымда.
Қайран жүрек көзінің жасын жұтты,
Жарық шалқып, көшенің бағанында.
Самал іздеп жауқазын жұтынады,
Тамшыларын жинаумен құтыдағы.
Қар астында қарбалас күн кешкенмен,
Жауқазынның жүрегі бүтін әлі.
Табанымның астында тайғанақ мұз,
Мұз үстінде құладық қайдан-ақ біз?
Аршын-аршын қадамға сенгенменен,
Құлатпайтын айланы байламаппыз.
Сырғанаумен барады сырғанақ күн,
Қалмаған ба салмағы бір қадақтың?
Бос ыдыста салдырап бара жатыр
Даңқ іздеген дыбысы құр мадақтың.
Кімнен алсақ болады бір тәсілді,
Қалай қусақ болады бұрқасынды?
Жаухарымды жоғалтып, іздегенде,
Ұры күннің абайсыз ұрты ашылды.
Қаңтар ағып барады, тірлік еріп,
Беру керек оған да бір күн ерік.
Бұлыңғырда болашақ жоқ екенін
Жаңа күннің жанары тұрды көріп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мағыналы өмірдің бағамында өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Мағыналы өмірдің бағамында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мағыналы өмірдің бағамында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мағыналы өмірдің бағамында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері