Ей, Тұрсын!

Бұл бетте «Ей, Тұрсын!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ей, Тұрсын, бір жүреміз енді қанша?
Сұм ажал ысқырады кер жыланша.
Бойға құт – бұйырғаны тіршіліктің,
Әйтеуір артымызда белгі қалса.
Жеткізбес құйын дүние қуғанменен,
Жұбанбас жарлы жүрек думанменен.
Біз-­дағы табиғаттың болмысымыз,
Адам боп анамыздан туғанменен.
Қарағай қадам баспас тұрғанменен,
Қара су теріс ақпас тұнғанменен.
Тылсымның бұйрығына бағынамыз,
Тентіреп аз күн сайран құрғанменен.
Қиядан қылп еткенді ілгенменен,
Жер үсті, аспан астын білгенменен,
Қатқан көн, кепкен тулақ ғұмыр мынау,
Қамшылық қайыс шықпас тілгенменен.
Көңілге қаяу салған кірбеңменен,
Додаға киіп­-жарып кіргенменен,
Күніміз баспанасыз шілмен бірдей,
Қаңтарда қар астында дірдеңдеген.
Тіріге бар ма бұдан асқан жаза?
Таптырмас қайда барсаң қашқан маза.
Ұшпаққа ұшқан ұяң шығармаса,
Күпсініп, күпінгенің бос даңғаза.
Жылытпас тығылғанмен тасбауырға,
Сүрінсең, соғыласың тосқауылға.
Құшағы туған елдің кең болғанмен,
Бармақтай басың сыймас басқа ауылға.
Бөлінер соны ойласам ойым санға,
Етіктің өкшесіндей ойылсам да.
Танымай біз де бір күн қалмайық деп,
Біріміз бірімізді қою шаңда.
Өзендей асау өмір сал ағызған,
Аунатар көз жазғанша қарамыздан.
Шымбайға шертіп қалса батырмай­ақ,
Шыпылдап қан шығады жарамыздан.
Қамалып қатар өстік қабағанмен,
Тістесіп, тарпа бас сап талағанмен.
Жазылмас жара құрғыр былай шығып,
Қыңсылап қызыл тілмен жалағанмен.
Сарқылмас су аяғы жайылмасыз,
Айтылмас ән аяғы қайырмасыз.
Тергенмен жоқтан­-барды не табамын,
Арасы бар мен жоқтың айырмасыз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ей, Тұрсын! өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ей, Тұрсын! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ей, Тұрсын! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ей, Тұрсын! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері