Дүлей дауыл, дыбысы дамылдаған – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Дүлей дауыл, дыбысы дамылдаған» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 817
Дүлей дауыл, дыбысы дамылдаған,
Ария боп жетеді әнің маған.
Көздің жасын көлкітіп бара жатыр,
Сағынышын баса алмай жалын далам.
Несіне ұзақ болмайды күннің бәрі,
Неге ерімей жатпайды жылдың қары?
Сап түзеген түп-түзу жасыл талдар
Жер бетінің мәңгілік тұрғындары.
Сап түзедің сен-дағы, сағана там,
Арман жырын айтады саған Отан.
Сағана там, саяңнан ұзамайын,
Өсиет қып қалдырған маған атам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүлей дауыл, дыбысы дамылдаған өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Дүлей дауыл, дыбысы дамылдаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүлей дауыл, дыбысы дамылдаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүлей дауыл, дыбысы дамылдаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері