Дүрсілін жүрегімнің есітемісің – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Дүрсілін жүрегімнің есітемісің» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 685
Дүрсілін жүрегімнің есітемісің,
Жанымның ғажап күйді кешкені шын,
Сен мынау көк аспанға алғысыңды айт
Алқынып ақша бұлты көшкені үшін.
Тұяғы жүрдек жылдың зымыраған,
Әйтеуір ел кетпеді ымырадан.
Жайдарман жақсы күндер еске түсті
Гүлдерге су тамызған құмырадан.
Тілдері серпілгенде сағаттардың,
Мезгілге жүрек сырын тағы ақтардым.
Қамыққан күнім қалды қайта келмес,
Қамқалы арасында қабаттардың.
Мың бұлақ сыңғырлаған, сылдыраған,
Бұлақ боп күн кешеді бір күні адам.
Томсарған тоғай неге теңселмей тұр,
Көк тұман көрсетпей ме бұлдыраған?
Келеді тағы бір күн жылылықпен,
Іздеймін өткенімді үңіліп мен.
Шалқарым шалқар сәтін аңсайды ылғи,
Тұншыққан толқынында тығылып дем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүрсілін жүрегімнің есітемісің өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Дүрсілін жүрегімнің есітемісің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүрсілін жүрегімнің есітемісің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүрсілін жүрегімнің есітемісің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері