Өмір деген бітпейтін мәңгі майдан
Бұл бетте «Өмір деген бітпейтін мәңгі майдан» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмір деген бітпейтін мәңгі майдан,
Талықсыған күресте талдым, айнам.
Тіршілігің өксіген көк өзендей,
Арты ұйық секілді, алды қайраң.
Жолға түстім. Адастым. Жоқ қарадым,
Алға бастым, Сүріндім. Тоқтамадым.
Тірлік жыры кеудеме симағасын,
Өмір жайлы айтуға оқталамын.
Тірлік жыры кеудеме симағанда,
Өлең оқып жүремін қилы алаңда.
Өмір отын кеудемнен үлестірем,
Күлімдеумен гүл шоғын силағанға.
Көлбей білген көңілге кеңістік кең,
Мен күндерді тосамын жеңіс күткен.
Аштықтан соң, төзімің сарқылмаса,
Мөлдірейтін секілді жеміс біткен.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі