Уыз аңқып сәбидің жөргегінен – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Уыз аңқып сәбидің жөргегінен» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 964
Уыз аңқып сәбидің жөргегінен,
Жусан исі бұрқырап өрде кілең,
Тақиясын шешкенде, тер аңқыған
Әкем исі жетеді төрдегіден.
Жаздың исі шығандап өрік – талдан,
Деміне оның елтисің, көріп, қарғам.
Алақанның исі бар мына құртта,
Өзегімді талдырмай сорып барған.
Кекілінде баланың күн исі бар,
Таба нанда бидайлы ұн исі бар.
Балдыр аңқып теңіздің тылсымынан,
Жағалауда ақ шаңқан құм исі бар.
Төс қағысып, досыңмен көрістің бе,
Жайлау демін шалқытты өріс күнде.
Қымыз исі шығады қазағымнан,
Өмір исі тұрады Жер үстінде.
Күлдің исі киіз үй құрымында,
Айран исі арудың бұрымында.
Әдеп исі бабамның ғұрыбында,
Наным исі әженің ырымында,
Таным исі, татиды бірі мыңға.
Көк аспанды шарласа кептер демі,
Зымыраса бөкендер бөктердегі,
Намыс исі атойлап тұрманынан,
Арғымағым жорықта көп терледі.
Қуаныштың исі бар, құсаның да,
Қыздың исі жігіттің құшағында.
Көк жүзінде қалықтап жүреді ылғи
Арман исі ақ лайнер ұшағында.
Қызғалдақтың иіскейсің гүлдегенін,
Бал татыды тынысың, үндемегін.
Күні жұпар аңқыған, Жері жұпар,
Отанымның исі ғой бұл дегенің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уыз аңқып сәбидің жөргегінен өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Уыз аңқып сәбидің жөргегінен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уыз аңқып сәбидің жөргегінен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уыз аңқып сәбидің жөргегінен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері