Бір күнде, жас көңілім, судай тастың
Бұл бетте «Бір күнде, жас көңілім, судай тастың» атты Шәңгерей Бөкеев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір күнде, жас көңілім, судай тастың,
Тасқындап кемеріңнен шалқып астың,
Төрт бұрышын дүниенің көрмей болжап,
Қиялмен көк қақпасын барып аштың.
Сидырып асқар тауды уысыңа,
Жүзіне алмас қылыш табан бастың.
Күркіреп қара бұлт жасын атса,
Отына жетіп барып құшақтастың.
Мұхитта нән балықтай кезген көңілім,
Тұмсығың тимей тасқа неге алжастың?
Шұлғанып жүн - жабағы, қыл - қыбырғы,
Бұрынғы өз жолыннан неге адастың?
Ай, көңілім, сен өтпей - ақ қорлық табар,
Қара жер қойнын ашса, ғазиз басым!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі