Жігіттің болса алған жақсы жары – Шәңгерей Бөкеев

Бұл бетте «Жігіттің болса алған жақсы жары» атты Шәңгерей Бөкеев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 10882
Жігіттің болса алған жақсы жары,
Сен болсаң бір Аллаға еткен зары.
Баладай риясыз еркелеген,
Сен болсаң тағы сонда ынтызары.
Құлқыны құмарланып құшқаныңда
Шайқалып тұрса алтын сырғалары...
Камшаті барқыт төбе қырын киген
Қадалса империал һәм динары.
Ақылы жамалына болса лайық,
Жігіттің сол емес пе жан дидиры?
Көлдерге ат ойнатып, құс шүйгенде,
Адамның болса әзілдес құрбылары.
Болғанда жарын сондай, құрбың мұндай,
Боз балалар деп біліңіз бағың бары.
Делбеймін көңілімді жалғыздықтан
Бір хақ деп қашаннан да жалғыз жары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері