Хал тілі

Бұл бетте «Хал тілі» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 677
Гүл көзінен шық тамды,
Мөлдірін-ай!
Қайда апарып жағамын, жан күнін-ай!
Кім түсінер, мүк халді?
Жұмбақ елге – хал тілін-ай!

Сезім бердің, сенделген,
Сегіз түнде!
Ағып барам – жұлдызбен егізбін бе?
Қасіретіме жем бергем –
Семіз, мүлде!

Дүние-ойыншық, қолымнан
Атып ұрдым!
Ұстап алғам, сорымнан- Затын мұңның!
Жүрегімде жанды енді, оты күннің
Зарын ұқшы, жердегі
Жетіміңнің!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хал тілі өлеңінің авторы кім?

Гүлнәр Шәмшиева — осы өлеңнің авторы.

Хал тілі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хал тілі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлнәр Шәмшиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хал тілі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері