Жалғаншы, жарық дүние!

Бұл бетте «Жалғаншы, жарық дүние!» атты Шәңгерей Бөкеев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 11299
Жалғаншы, жарық дүние!
Бізден де бір күн қаларсын.
Піл сауырлы қара жер
Қойныңды ашып, қол жайып
Құшағына аларсың!
Ойқай, сонда күн қараң,
Басыңа ақ тас қойылса
Сөзбен түрлі безенген.
Үстіңе топырақ үйілсе
Шөккен нарға меңзеген.
Тіл кесіліп, үн бітер,
Сайраған мұны жыраудан,
Тыңдаған айтар: «не пайда
Мұндай сөзді жырлаудан?»
Дүние қуған көңілім
Нәпісіменен қарайған.
Хақ диуанға асықтай
Мұрат тапқан құдайдан.
Сонда бір көңілім сап болар,
Жалғыз жатып күңіреніп,
Қазаны ойлап толғаудан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғаншы, жарық дүние! өлеңінің авторы кім?

Шәңгерей Бөкеев — осы өлеңнің авторы.

Жалғаншы, жарық дүние! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғаншы, жарық дүние! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәңгерей Бөкеев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғаншы, жарық дүние! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері