Мен тауларға қарадым – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Мен тауларға қарадым» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 882
Мен тауларға қарадым,
Одан да шыңдай биік сені көрдім.
Ойларымды ормандай тарадым,
Ойыма да қосылып өріле бердің.

Мен теңізге үңілдім,
Тереңінен тағы да телегей сені таптым.
Сенің әрбір сөздеріңдей құбылды,
Маржандары сұп-сұлу әрі қатты.

Мен аспанға көз тіктім,
Бара жатты зәу көкте қыран ұшып.
Сені елестетті жел тіпті,
Құшағына алатын құрақ ұшып.

Мен түнге де қарап ем,
Сенің қара шашыңдай желбіреді.
Жұлдыздарды санап ем,
Сенің қара көзіңдей мөлдіреді.

Мен қай жаққа қарасам да,
Сенің бейнеңнен құтыла алмадым.
Сені ойлауменен бал ашам да,
Көкжиекке жұтылар әр Күн.

Мен осылай уақытты өткердім,
Шығарып сап жаз, қыс, көктемді.
Ар жағынан қылкөпірдей өткелдің,
Өте алмай-ақ кеткем-ді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері