Жырау бабам – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Жырау бабам» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 673
Сөз дегенің бұйым ба?
Ақтан жырау

Жөңкіліп жүрегінде жыр аунаған,
Түсіме кірді бүгін жырау бабам.
О дүниеге көшкен-ді Көктегі ана,
Қайтқан құсқа ілесіп тыраулаған.

Шайырым, сусын-сөзді сығымдама,
Теңіздей сапыратын жырын баба.
Тақырды телегей ғып толтыратын,
О, біздікі – жылжыған жылым ғана.

Жыр буып, аруағы қыстағанда,
Ағылатын арқасы ұстағанда.
Бабадан бір кез кемдеу туылыппыз,
Әшейін мәз боламыз ұқсағанға.

Төңкерілген толқыны төрінде ана,
Теңіздей шығаратын демін баба.
Шапанының шалғайы желпіп өткен,
Біздер ұстап қалғанбыз лебін ғана.

Жұтаған кей сөзіміз сүмірейіп,
Тоналған қазынадай үңірейіп.
Жүрсе де кеуделерін кереді көп,
Мысықтың кіркеніндей күдірейіп.

Сөзімізді қағазға мөрлеп, хаттап,
Сары майдай жүреміз баптап, сақтап.
Бабам сөзін шашудай шаша салған,
Далам өзі құнттап, алған жаттап.

Жөңкіліп жүрегінде жыр аунаған,
Түсіме кірді бүгін жырау бабам.
«Сараңдай сөзін сатқан, ай, сақау!» – деп,
Қамшысын сермеп қалды дырау маған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жырау бабам өлеңінің авторы кім?

Сәулеш Шәтенова — осы өлеңнің авторы.

Жырау бабам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жырау бабам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәулеш Шәтенова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жырау бабам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері