Шыр айналып жанымда шарқ ұрған – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Шыр айналып жанымда шарқ ұрған» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 929
Шыр айналып жанымда шарқ ұрған,
Көрсеқызар біреу ме ең барып тұрған.
Кінә артпайын, көз алмай қарады – деп,
Сәулем шығар көзіңді қарықтырған.

Толағайдай таудай жүк артып алған,
Іздемейін ұсақтық нар тұлғаңнан.
Жол жөнекей өткенде, шұғылалы,
Сәулем шығар өзіңді тартып алған.

Болар ма екен мен үшін жаның құрбан,
Өрлігіңді өрелеп бағындырған.
Кездеріңе мен кінә артпайыншы,
Сәулем шығар жолыңнан жаңылдырған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шыр айналып жанымда шарқ ұрған өлеңінің авторы кім?

Сәулеш Шәтенова — осы өлеңнің авторы.

Шыр айналып жанымда шарқ ұрған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шыр айналып жанымда шарқ ұрған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәулеш Шәтенова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шыр айналып жанымда шарқ ұрған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері