Жарығымды талай жарықсыз жанға туралап – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Жарығымды талай жарықсыз жанға туралап» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 733
Жарығымды талай жарықсыз жанға туралап,
Адастым білем көз байланатын іңірде.
Сәулемді іздеп, жүректерге кіріп сыналап,
Жоғымды таппай, сонда да мүлдем түңілмей.

Сезбедім көптің жылуын маған бергенін,
Кездерім көп қой ызғарда жалғыз үсіген.
Ұсынған қолды қапыда, бәлкім, көрмедім,
Ол-дағы қолын созбады қайта, түсінем.

Шапағатын шашқан Жаратқаныма мың алғыс:
Тарту еткен-ді өзімнен аумаған үшемді.
Жарығымды жағып, мыңдарға сыйлап қуаныш,
Бақытымды таудай, шүкірлік, тұтам місе енді.

Үш өмірім бар қылығы балдай, сөздері,
Үйімді менің ұялап етті Күн мекен.
Жарығыңды жағып туралатқанда, өзгенің,
Жарығына, тәйірі, жолықпағаның да мұң ба екен?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарығымды талай жарықсыз жанға туралап өлеңінің авторы кім?

Сәулеш Шәтенова — осы өлеңнің авторы.

Жарығымды талай жарықсыз жанға туралап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарығымды талай жарықсыз жанға туралап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәулеш Шәтенова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарығымды талай жарықсыз жанға туралап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері