Санаға бағынбайтын
Бұл бетте «Санаға бағынбайтын» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Санаға бағынбайтын,
шындыққа жанаспайтын.
әлемнен табылмайтын,
тірі жан таласпайтын.
өзгеге сезілмейтін,
өзім де ұқпайтұғын,
ешқашан көз ілмейтін,
есімнен шықпайтұғын,
бар деуге келмейтұғын,
жоқ деуге болмайтұғын,
есті жан сенбейтұғын,
есімді арбайтұғын
ешкімге көрінбейтін,
жанынан жібермеген,
тіріде жерінбейтін,
жіпсіз-ақ шідерлеген
Бар жалғыз кейіпкерім...
Қайтесіз кім екенін?..
Өзім де танымаймын
Әйтеуір жыр етемін...
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі