Менің мылқау махаббатым – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Менің мылқау махаббатым» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1752
Менің мылқау махаббатым,
Қалайсыз?..
Қалай жүрсіз менсіз, мұңсыз, арайсыз.
Болмысыңды сүйген едім бөлек деп,
Ал сіз жақтан соғып өтті жел өкпек.
Біздің жайды жатыр дейсің кім біліп,
Ми қарыған бір сағыныш, мың күдік.
Жанарың-ай үмітсіз һәм шаршаған,
Жанарым-ай жылуыңды аңсаған.
Не күтемін енді сізден, жарығым,
Сыйлағаның шаттық емес, бәрі мұң.
Көздеріңді көрмесем ғой, көрмесем,
Басқа шуақ, басқа нұрға шөлдесем.
Сізді тастап кетсем сосын мәңгілік,
Бір бақытқа мас боп жүрсем әңгүдік.
Қызғаныштан ойнаса ғой қаныңда от,
Қайтем, сізбен енді арбасар әлім жоқ.
Ей, меңіреу махаббатым,
Қалайсыз?
Қалай жүрсіз жырсыз, күнсіз, арайсыз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің мылқау махаббатым өлеңінің авторы кім?

Әлия Дәулетбаева — осы өлеңнің авторы.

Менің мылқау махаббатым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің мылқау махаббатым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әлия Дәулетбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің мылқау махаббатым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері