Қас-қағым сәтте оянып алған
Бұл бетте «Қас-қағым сәтте оянып алған» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қас-қағым сәтте оянып алған,
Ұялшақ түске боянып алған,
ессіздеу менің арманым...
Мен сенен қайтсем безер екенмін,
Алқынған күйді сезер екен кім?..
Ардағым...
Жан қызуыңды жалап кететін,
бар қызығыңды тонап кететін
күндерім менің бұлағай.
Көзіңде ұяң сыр түнеді ғой...
көрмеуім дағы мүмкін еді ғой...
Бұ қалай?!..
Жаңбырға тоңған жапырақ сынды,
жапырақ жауған атырап сынды,
сағыныш түстес тағдырым.
Не айтайын сізге
күліп тұрсыз ғой,
Көрмей-ақ сезіп, біліп тұрсыз ғой
барлығын...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі