Мен осы соңғы кезде біртүрлімін – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Мен осы соңғы кезде біртүрлімін» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1596
Мен осы соңғы кезде біртүрлімін...
Жиі-жиі көмкеріп күлкімді мұң.
Бұрынғыдай алмайды тынышымды,
Жербетілік мазасыз күңкіл,күбір...
Тоқтап қалған секілді сағат біткен,
Төзімім тұл, таусылып тағат тіптен.
Күмән шағын күндерім өткеруде,
Бір аңсарым табылмай қалап, күткен.
Мағынасыз досымның күлкісі де,
Айырмадым оларды түр-түсінен.
Аяр дейсіз кім менің арманымды?..
Қояр дейсіз жанымды кім түсіне?..
Күндер солай күмілжіп жылысуда,
(Уақытпен бола ма ұғысуға?!)
Жүзім жасып отырмын елеусіздеу,
Қызыл-жасыл әлемнің бұрышында.
Жан дауысым жыраққа жеткен шығар?..
Аспан содан қақырап кеткен шығар?
Жасын түсіп жатқанда шарпылмаған,
Айтыңызшы... сіздікі неткен шыдам?.
Өлтіре көрмеңізші-і-і...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен осы соңғы кезде біртүрлімін өлеңінің авторы кім?

Әлия Дәулетбаева — осы өлеңнің авторы.

Мен осы соңғы кезде біртүрлімін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен осы соңғы кезде біртүрлімін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әлия Дәулетбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен осы соңғы кезде біртүрлімін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері