Жыр жазбайтын ақынымсыз сіз менің
Бұл бетте «Жыр жазбайтын ақынымсыз сіз менің» атты Әлия Дәулетбаева жазған поэзия туралы өлең берілген.
Жыр жазбайтын ақынымсыз сіз менің...
Көктемдерден сезінсем де күз демін,
Мен әйтеуір сізден күдер үзбедім.
Жырақтағы жақынымсыз сіз менің,
Жыр жазбайтын ақынымсыз сіз менің.
Жыр жазбайтын ақынымсыз аяулы,
Сізді ойлауды қашан... қайтіп қоярмын?..
Шын іңкәрім, жүрмін-ау деп жады боп,
Бүгін тағы мұңдылау боп ояндым.
Бүгін тағы елітпеді ештеңе,
Сізге мүлде кезікпесем... не істер ем...
Сезім іздеп сарқылғанда сабырым,
Көзіңізден көздеріме көшті өлең.
Көзіңізден күннен нұрлы мейірбан,
Көкірегіме мың бір шуақ құйылған.
Сізді сүю-бақыт әрі баз кешу
Менің ғана маңдайыма бұйырған.
Жалғап жүріп жылдарымның тізбегін,
Бәлкім сізді өмір бойы іздедім.
Жырақтағы жақынымсыз сіз менің,
Жыр жазбайтын ақынымсыз сіз менің.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі