Бұл бетте «Елік көңіл елеңдеген» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Елік көңіл елеңдеген,
Жаныңызға барғым кеп.
Сұрадыңыз менен неге,
Кімді сүйіп қалдың деп.
Сұрадыңыз неге менен,
Сезбеймісіз шынымен.
Түр танытып елемеген,
Өп-өтірік күліп ем.
Қалай оны айта аламын,
Қалай жетер батылым.
Атыңызды қайталадым,
Тек ішімнен...
ақырын...
Көзіңізде күдік тұнып,
Күрсіндіңіз, не дейін?..
Әлде бәрін біліп тұрып,
Сұрадыңыз әдейі.
Ерінімде есіміңіз,
Сезімім-ай сабылған.
Жауап беру, кешіріңіз...
Келмейді екен қолымнан.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі