Маңғыстау ұлының монологы – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Маңғыстау ұлының монологы» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1595
Не деп маған ыңырсисың, нар-мекен?..
Светқали Нұржан

Не деп маған сыр шертесің , боз дала...
Көне шоғы қоламтада қоздаған,
Көне шері көкірегінде боздаған,
Көкшіл жалын көздерінде маздаған,
Сол отына өзі өртене жаздаған,
Қайғысы үлкен, бақыты бар аздаған,
Мен ботаң ем, бұйдасын мұң қозғаған.

Мен ботаң ем, шері қалың туғаннан,
Шөлін сонсоң Сорқұдықтан суғарған.
Содан тайқы маңдайымда таңбам бар,
Содан мынау таңдайымда у қалған.

Содан бері кекшілдеумін, асқақпын,
Сұрмергенмін, сұр жебемді қасқа аттым.
Шынықтырдың шыдамсыздау жанымды,
Тым биіктен тұңғиыққа тастап мың.



Ей, Маңғыстау! Қасиеттім, құсалым!
Жүрегімді жібек жіппен тұсадың.
Мені тентек дейтіндердің барлығы,
Намысыма жанығандар пышағын.

Аптаптарда, аяздарда ақ қырау,
Кеудемдегі сөнген емес от мынау.
Мен кешегі жүрекжұтқан Шоғының
Жанарынан шашыраған шоқпын-ау?!

Базарында мұң мен шаттық бір жүрген,
Дүрмек күннің алдамшысын кім білген?..
Абақтыда азап шеккен Досаннан,
Тамған қанға өсіп шыққан гүлмін мен.

Абаданың азаттық деп алқынған,
Айнымадым асау,қызба қалпымнан.
Сендегі арман бостан болу бағзыдан,
Кенде болған кезің жоқ –ты мәрт ұлдан.

Иілмейтін, майыспайтын... сынатын,
Көк аспанмен өлшер жалғыз мұратын.
Көп «құдайдың» қырсығына бас ұрмай,
Тек Құдайдың қаһарынан ығатын.
Ей, Маңғыстау! Сағынышым сұрапыл,
Сені мендей сүйсе шіркін шынымен,
Отпантауға ода арнаған мың ақын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маңғыстау ұлының монологы өлеңінің авторы кім?

Әлия Дәулетбаева — осы өлеңнің авторы.

Маңғыстау ұлының монологы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маңғыстау ұлының монологы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әлия Дәулетбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маңғыстау ұлының монологы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері