Жыр – шынарлары

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 870
Күләш пен Қайырбекке

Махаббатын сақтаған бойында нән,
Жойқын сезім
Әлі күн жойылмаған.
Өзі де ақын болғасын Қайырбегі
Мықтылығын Күләштің мойындаған.
Мойындаған
Күләштің ірілігін,
Әбділда Тәжібаев та күні бұрын.
Айдынына қондырып жыр-аққуын,
Аялайды қарсы алып Сыры бүгін.
Жаны таза, бейкүнә баладайын,
Көңілі дархан кең байтақ даладайын.
Қос ақыны қазақтың маңдайалды,
Бөле жарып екеуін қарамайын.
Сұлу таңды қарсы алып шапақ атқан,
Қос жүректен жыр-бұлақ қатар аққан.
Елін, жұртын сүйді олар от-сезіммен,
Жаралғандай мәңгілік махаббаттан.
Жырға қосып жұртының мұң-арманын,
Қуанышын,
Қайғысын,
Ұғар бәрін...
Қашан болсын
Тұрсыншы тұғырлы боп,
Шыңға біткен осынау шынарларым!

2005 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыр – шынарлары өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Жыр – шынарлары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жыр – шынарлары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жыр – шынарлары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері