Талайлы тағдыр – Қатира Жәленова

Бұл бетте «Талайлы тағдыр» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 693
марқұм Қашақбай Пірімовке

Жадау тірлік, дәмкес жан, дәрменсіз ұл...
Қу шешектен, аты өшкір, қалған сыз бұл.
Шөмекейдің жұртынан түтін түтеп,
Бір отбасы отырды қорғансыз кіл.
Жалғыз ұлдың ғұмыры – қыл ұшында,
Тағдыры тұр – құдайдың уысында.
Оразбике анасы зар илейді,
Кәлимасы сәт сайын – тіл ұшында.
Құлағына сол дауыс жеткен болар,
Құдай оңдап, шапағат еткен болар.
Бала тұрды ұзамай аяғынан,
Бір қатерден аман-сау өткен болар.
Заман озды...
Орнады жаңа дәуір,
Соғып өтіп тыншыды-ау қара дауыл.
Алғашқы боп сол сәтте сауат ашып,
Араласа бастаған қоғамға бұл.
Жұртты осылай аузына қарататын,
Басшы болып,
Ел көрді шарапатын.
Қазалыдан жалғыз жан иеленген
Еліміздің ең үлкен марапатын.
Жүруші еді-ау,
Ізгі ісі жағып көпке,
Дәріптемес адамды еш халық текке.
Аз ғұмырда өшпестей із қалдырған,
Рухы оның биік тұр анық көкте!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талайлы тағдыр өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Талайлы тағдыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талайлы тағдыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талайлы тағдыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері