Су жыры

Бұл бетте «Су жыры» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1052
Өмірге деген
Сірә да, аз ба құштарым?!
Тіршілікті ұдай
Тербетті сазды ағыстарым.
Көне Мұхиттың
Бір ғана тамшысымын мен,
Тыншымайтын еш,
Мәңгілік қозғалыстағы.
Буға айналдырып,
Аспанға көшіреді де Күн,
Тартылыс күші
Тартады төсіне Жердің.
Көрініс беріп әр түрде
Осылайша мен
Арқауы болып
Тірліктің есіле бердім.
Мен бармын
Барлығында тірі клеткалардың,
Судан асқан
Сенімді тірек табар кім?!
Сусыз жерде өмір жоқ,
Бұл – ақиқат анық,
Құрылық біткен тұл болып,
Жүдеп қалар Күн...
Ағамын тынбай,
Үздіксіз,
Қан тамырлардай,
Өмір желісін ұзартып
Тартамын талмай.
Келемін сақтап бұлжытпай
Қозғалыс заңын,
Тіршілік маған
Кінәсін артады қандай?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Су жыры өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Су жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Су жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Су жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері