Жүрегім нені іздейді – Қатира Жәленова

Бұл бетте «Жүрегім нені іздейді» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1025
Күй кешіп бастан жағымсыз,
Көңілім – күйрек, жаным – сыз
Тартады алдымнан
Сый қандай,
Тағдырым маған?
Мәлімсіз...
Қылығы тәтті, бал нағыз,
Көктемім көшіп,
Алда күз...
Жұтуда жасыл жылдарды,
Уақыт атты жалмауыз.
Аранын ашқан мыстанға,
Қарсыласатын күш бар ма?!
Шырқырар жаның...
Бал дәурен
Көзіңнен бұлбұл ұшқанда.
Күндерім қайда думанды,
Жанарым неге буланды?
Көңілім неден қабарып,
Жүрегім неден уланды?
Үдере қашар қайғы-мұң,
Керегіп жүр ме айбын-үн?!
Іздей ме жүрек үздігіп,
Жұп болып қонар айдынын?!
Жарығын құйып нұрлы күн,
Жүрсе де қоршап құрбы мың,
Іздей ме жүрек егіліп,
Сәбидің тәтті былдырын?
Жазылмай жұбы
Жарасып,
Біреулер жүрсе
Бағы асып,
Сыңарын таппай әлі күн
Жүргендер қанша адасып?!
Жалқылық болса қонысың,
Жаныңа жалау жоғы шын.
Қарайды саған мүсіркеп,
Адамның бейне қорысың.
Өзгеден ерек дара, шың,
Талантсың ба сен, данасың,
Азаматпысың жаны асыл,
Оныңа кімдер қарасын?..
Қымбаттап
Бір күн
Бір күннен,
Бағасын уақыт білдірген.
Бойымды билеп қорқыныш,
Қалтырап құзда тұрмын мен.
Түбіне тартып құрдымның,
Барады матап
Шынжыр – мұң.
Не деген дәмі ащы еді,
Жалғыздық деген құрғырдың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегім нені іздейді өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Жүрегім нені іздейді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегім нені іздейді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегім нені іздейді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері