Айтшы, өзің?!

Бұл бетте «Айтшы, өзің?!» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 707
Өн-бойыңнан бара ма-ау төзім кетіп,
Қос ішекті өксіттің безілдетіп...
Тұнып қалған
Сыр бардай жүрегіңде,
Қазір соған отырмын көзім жетіп.
Бал сезімің уланып,
Жастанып мұң,
Адал сырын ашыпсың жас жаныңның.
Неге мұнша мұңайып,
Күрсінесің,
Сағындырып көңіліңді жасқады кім?
Жас жүрегің аһ ұрып жалын атты,
Жан-сырыңа ауырды жаным қатты!
Көз алдымда
Бейнең тұр кірбің шалған,
Құлағымда күй сазы,
Әнің қапты...
Айтшы өзің!
Өтінем!
Сұрағаным!
Кімге арналып айтылды
Бұл арманың?..
Түкпіріне қаншама үңілсем де,
Құпиясын жаныңның ұға алмадым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айтшы, өзің?! өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Айтшы, өзің?! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айтшы, өзің?! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айтшы, өзің?! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері