Жолың ашық
Бұл бетте «Жолың ашық» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жолың ашық,
Мен саған кетпе демеймін.
Келме қайтып,
Мен саған өкпелемеймін.
Сыйласым ең,
Көңілді жығып көрмеген,
Қимасым ең,
Жанымды алғаш тербеген.
Өрт болып кеп,
Өртеп ең тұла бойымды.
Дерт болып кеп,
Шырмап ең ақыл-ойымды...
Күліп бүгін,
Қоштасып тұрмын,
Тағдыр да...
Биіктігім,
Иілмей кетсем алдында.
Жолың ашық,
Мен саған кетпе демеймін.
Келме қайтып,
Мен саған өкпелемеймін.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі