Аңсаған менің әнімсің
Бұл бетте «Аңсаған менің әнімсің» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұрап тұрып
Домбыраның құлағын,
Сырлы саз боп
Көкірегіме құладың.
Өмір бойғы
Сағынышым едің сен,
Жүрегімнің
Дертін тапты-ау бұл әнің...
Бәрі-бәрі жадымда тұр жатталып,
Шертсең егер қос ішекті баптанып.
Әуел бастан
Әнге ғашық жүрегім,
Қалушы еді-ау,
Өртенуге шақ қалып...
Қос дауыспен әнге салсақ баяулап,
Ұйып қана тыңдайтын-ды бар аймақ.
Екеумізді
Сол күндерге оралтқан
Осы бір шақ
Біздер үшін аяулы-ақ!
Бірақ, бірақ...
Өрт ұшқынын тастама!
Жанарыңмен жанарымды жасқама!
Тек аңсаған
Әнім болып қал енді,
Тағдыр бізді қоспап еді баста да...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі