Күттім сені
Бұл бетте «Күттім сені» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ түтек, дүлей ақпанда,
Даланы ақ қар жапқанда,
Ақ қармен бірге келер деп
Ақ қайың шәлі тартқанда,
Күттім сені...
Сәуірдің таңы атқанда,
Үмітімді жалғап ақ таңға.
Көктеммен бірге келер деп
Тіршілік көктеп жатқанда,
Күттім сені...
Көкжиекке Күн батқанда,
Түн – ару есік қаққанда,
Бөлісер деп жан-сырымды
Серуен құрып бақтарда,
Күттім сені...
Найзағай ойнап аспанда,
Көк өзен тулап тасқанда,
Қыз – көктем келіп, далаға
Уыстап гүлдер шашқанда,
Күттім сені...
Арналып ізгі өлеңім,
Күткенім жалғыз сен едің.
Кешіккеніңмен, бәрібір,
Оралатыныңа сенемін!
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі