Шығыс сазы – Қатира Жәленова

Бұл бетте «Шығыс сазы» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 887
Ей, мехрибаным,
Өзіңді сүйіп ұнаттым!
Ұнаттым сені,
Қарама маған сынап тым!
Сусаған сәтте
Шөліңді басар бұлақпын,
Адассаң жолда
Алдыңнан жанар шырақпын.
Ей, мехрибаным,
Өзіңді сүйіп ұнаттым!
Сыйладың бірақ
Қуаныш емес,
Таза мұң...
Әлі де қанша
Тартқызар маған азабың?..
“Аһ!” ұрып жатыр
Жүрегім мынау байғұсым,
Жаздырып маған
Ғашықтықтың тек ғазалын...
Ей, мехрибаным!
Сәуірдің сыйлап ақ таңын,
Кеудемнің неге
Көк мұзын қақыратпадың?
Шуаққа,
Шәрбат сезімге шөлдеп сендегі,
Жая алмай жүрмін
Жанымның жапырақтарын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шығыс сазы өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Шығыс сазы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шығыс сазы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шығыс сазы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері