Тілек

Бұл бетте «Тілек» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 722
Не сиқырмен
Өзіңді сүйікті еттің,
Таутүрген?
Сені тіпті келмейді
Қиып кеткім,
Таутүрген!
Тауларыңмен көлбеген,
Бау-бағыңмен тербеген,
Сезім болып
Кеудеме сыйып кеттің,
Таутүрген!
Сан бояуға малынған
Осынау бар қалпыңмен,
Сен екенсің
Құдірет, аңсар мекен,
Таутүрген?!
Саған ғашық жүрекпен
Бір ұлыңа тағы ұнап,
Келін болып
Өзіңде қалсам ба екен,
Таутүрген?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілек өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері