Соңғы сөз

Бұл бетте «Соңғы сөз» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 625
"Актер" болып екеуіміз,
Қойдық талай қойылым....
Қашанғы ойнар екенбіз,
“Мысық-тышқан” ойынын?
Дәл осы ойын біздерге,
Ұнап қалған сияқты.
Көңіл жоқты іздер ме,
Көзден жасым жиі ақты.
Қой... Болайын ақылды...
Қалмады ғой тіпті есім.
Бұл ойынның ақырғы,
Қойдым бүгін нүктесін.
Мені саған өткізбей,
Сезім күзге тоналған.
Мақсатыма жеткізбей,
Ішімде өлді көп арман...
Жетпесімді сезіндім,
Жүрегіңе – тас-қамал.
Кейін қарай шегіндім,
Қалмаған соң басқа амал...
Сөздеріңнің жалғанын
Ұқтым.
Бұған не шара?
Хақтан көріп қалғанын
Қоштасар жер – осы ара...
Туған жерге оралып,
Болам саған тек елес.
Кетсем солай жоғалып,
Кінәлі оған мен емес!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соңғы сөз өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Соңғы сөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соңғы сөз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соңғы сөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері