Алашқа айбын Аңырақай – Ахмет Кендірбекұлы

Бұл бетте «Алашқа айбын Аңырақай» атты Ахмет Кендірбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3308
Аңырақай, Аңырақай – Ар мен Анттың тоғысы,
Аңырақай – алау атқан жүректердің соғысы.
Аңыраған ана уанған,
Абдыраған ел қуанған,
Алашымның аруақты қонысы,
Ата тарих – қымбат бізге сонысы.

Аңырақай, Аңырақай – шайқастың шын иесі,
Ақ сауытты ер – арпалысқа тиесі.
Андыздап бір соғып еткен,
Аждаһаның есі кеткен,
Аңырады босап буын-жүйесі,
Атып ұрды хақ Алланың киесі.

Аңырақай, Аңырақай – Абыз аңыз шертеді,
Ақбереңдер атқа мінген өрт еді.
Алдаспанын Айға жанып,
Адырнасын Күнге малып,
Азаланған арда елінің ертеңін
Азат ету – Көкбөрінің серті еді.

Аңырақай, Аңырақай – Азаттықтың алауы,
Алты Алаштың Тәңірінен қалауы.
«Абылайлап» ер ұмтылды,
Ақындарым керім тілді,
Арғымақтай келіскен бір жарауы,
Аспан асты – Жеңіс-жырдың жалауы.

Аңырақай, Аңырақай, атырапқа бар да үңіл,
Ақбоздардың арбақ ізі тасқа түсіп қалды бір.
Арада етті сан ғасырлар,
Ардақ тұтқан қандасың бар,
Аңырақай, Аңырақай – атауында бар ғұмыр,
Аңырақай – атойлаған әр жүректе Ар-дүбір!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алашқа айбын Аңырақай өлеңінің авторы кім?

Ахмет Кендірбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Алашқа айбын Аңырақай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алашқа айбын Аңырақай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ахмет Кендірбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алашқа айбын Аңырақай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар