Алматылық шайыр досқа

Бұл бетте «Алматылық шайыр досқа» атты Ұларбек Дәлейұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.01.2022
  • 0
  • 0
  • 830
Ақ тұманның астында аяз бетті қарыған,
Алматыда, нөсерде ақындардай арыған...
Аттиланың атының дүбірінен үріккен,
Қоңыр аңдай сендерді сағат сайын сағынам.
Маңдайдағы жазмыш қой,
Жазығым жоқ болса да,
Қарашада құстардан сәлем айттым қаншама.
Пақыр мұңым пысқырған парақтарды
жіберем,
Жауабы жоқ болса да...
Сендер жүрген соқпақтар –
Жусан иісі бораған,
Жегі құрт бар жанымды жапыраққа орағам.
«Цельзар»* маңын себепсіз кезіп жүрем
түсімде,
Барман бірақ, ішуге...
Бозғыл мұнар жамылған Кеңсайдағы
моланың,
Кеңсай келіп құтылған қуғындағы ағаның.
Топырағын иіскеп келуші едік пана деп,
Жазармандар одағын...
Әй, ол пана болмады...
Иен екен аспандай,
Иен аспан астында нөсер күтіп жатқандай.
Есентайдың өзенін шөлмек тасып лайладық,
Кешіп өтіп ат салмай.
Айналайын Алматы!
Арқаңда ойнар күн қайда,
Біздер өткен желкілдеп жастық қайда, жыр
қайда?!
«Арыстандай алшайтып...», арғымақтай
үйретіп,
Ақ жауыннан жасырып шашын жерге
сүйретіп,
Ал шымылдық ішінде асыр салған түн
қайда?...
Өкінішіңді құшақтап, өмір соңы – кетісу,
Белден берен суырып ұзақ жолға бекісу.
Аю қуған арқардай ауып кеттім Арқаға,
Қайырлы болсын сіздерге
Бізден бір қалған Жетісу!..

09. 12. 2009 ж.

* Цельзар – Алматылық ақындардың жиі бас қосатын сыраханасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматылық шайыр досқа өлеңінің авторы кім?

Ұларбек Дәлейұлы — осы өлеңнің авторы.

Алматылық шайыр досқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматылық шайыр досқа өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Алматылық шайыр досқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері