Аспанда жеті қаз

Бұл бетте «Аспанда жеті қаз» атты Ұларбек Дәлейұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.01.2022
  • 0
  • 0
  • 535
Бөлмемді кезіп жүр ескі елес –
Есте жоқ жылдардан жұлынған қауырсын,
(Оны еске ап бір мезет бұл жүрек ауырсын...)
Ұлы бір тыныштық үстінде ұйықтайды сәбиім,
Еңсемді басады есуас ауыр түн.
Сен келіп басымнан сыйпардай елеңдеп,
Өкініш иірімі тартады тереңге...
Өткінші жаңбырлар жуған сол бейнеңді,
Жұлдыздар жасымен көшірем өлеңге.
Мың тарау жолдарым,
Бәрі үрей, бәрі үміт,
Опық жеп отырмын обадай сарылып.
...Өзінен түңілген ғасыр тұр алдымда,
Ақ кебін жамылып...
Үш көктем аунады...
Үмітін пақырдың үрейге матаған,
Оны енді құмарлық сезім деп атаман!
Күтуде алдымда күңіренген ұшақтар,
Күтуде Қособам...
Қайсыбір қыспақта қасымда сен едің,
О, менің өлімге қимайтын өлеңім!
Әуелеп ұшады аспанда жеті қаз,
Біреуі мен едім...
Қым-қиғаш тірліктің қырсығы арқамда,
Түн өзі жұбатар түсіріп сарпаңға.
...Көршілес кейуана кемпірдің мысығы,
Жылайды балконда.
Түсім де, кешім де, түнім де қамырық,
Секундтар мызғайды қадамнан жаңылып.
...Өзінен түңілген уақыт тұр алдымда,
Ақ кебін жамылып...

12. 03. 2010ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аспанда жеті қаз өлеңінің авторы кім?

Ұларбек Дәлейұлы — осы өлеңнің авторы.

Аспанда жеті қаз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аспанда жеті қаз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұларбек Дәлейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аспанда жеті қаз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері