Мезгілдер кеткен таңбалап

Бұл бетте «Мезгілдер кеткен таңбалап» атты Ұларбек Дәлейұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.01.2022
  • 0
  • 0
  • 738
Мезгілдер кеткен таңбалап,
Мың жылдық шөлдей басылмас.
Ақ жаңбырлардан қорғалап,
Қашқан күн қазір ашылмас!
Асықтым сан мың күн жүріп,
Басымды қамап мұңлы ойлар.
Қараша желі сындырып,
Сыңсыған қара қурайлар...
...Сыңсыған қара қурайдан,
Сыбызғы жондым саған деп.
Басымды буған мұңлы ойдан,
Құтқарып мүлде алам деп.
Сен жайлы хабар білем деп,
Үңілдім иесіз хаттарға.
Вокзалдарды түгендеп,
Көп жүрдім аэропорттарда.
Селкілдеп тоңып ақ қарда,
Сені іздеп жүрген шығармын.
Кеудеме тиген оқтарға,
Ем іздеп жүрген шығармын.
Жылайды үнсіз бұл әлем,,
Табанға ақты мөлдір шық.
Сауысқандардан сұрап ем,
Көргем жоқ деді көлгірсіп.
Сұрайтын қаздар жоқ тіптен,
Тырналар көкте самғай ма?
Ардағымдай боп көп күткен,
Тұр жалғыз қайық шалғайда...
Іңірден түнге ұласқан,
Сырнай даусына елітем.
Менсіз де боздап тұр аспан,
Тәйір-ай, одан не күтем?!
...Сыңсыған қара қурайдан,
Сыбызғы жондым саған деп.
Басымды буған мұңлы ойдан,
Құтқарып бірге алам деп!
Өзгермес қалпы бұл өмір –
Бұл өмір солай әлде де.
Жанарыңды әркез тіге жүр,
Мен жақтан түскен сәулеге...

28. 01. 2010ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мезгілдер кеткен таңбалап өлеңінің авторы кім?

Ұларбек Дәлейұлы — осы өлеңнің авторы.

Мезгілдер кеткен таңбалап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мезгілдер кеткен таңбалап өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мезгілдер кеткен таңбалап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері