Домбыра
Бұл бетте «Домбыра» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тарт күйіңді, домбыра!
Төгіл, төгіл тәтгі күй,
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін жел соқтыр!
Тауда тұман тұрмасын,
Көкте бұлт ыдыра!
Тыңдамаған қоймасын,
Ойды-қырды қыдыра,
Құлшына тарт, домбыра!
Екі желі, үш қазық,
Тоғыз ноқта домбыра,
Ойнатайын он саусақ,
Құлындайын құлдыра.
Бозда-бозда бота күй,
Қашағанды қудыра,
Құлшына тарт, домбыра!
Еңбек елдің күйшісі-ау,
Құлағымды қиқулат,
Көңілімді қандыра,
Тәтгі-тәтті күйге тарт
Көргеніңді күй қыла,
Құлшына тарт, домбыра!
Еңбек елдің жыршысы-ау,
Жанымды бір жадырат,
Көкейіме қондыра,
Тәтті-тәтті әңгіме айт
Жаңа өмірді жыр қыла,
Шежіре, шешен сұңғыла,-
Құлшына тарт, домбыра!
Маган олендер унады.Оте керемет жазылган. Рахмет.
Маған қатты. ұнады!өлеңдер. керемет жазылған. "Домбыра",Ғазиза аузынан,"Жаз-құдаша" және басқа өлеңдері керемет! Рахмет!
маган бул домбыра аны унады . катты унаганы соншалыкты керемет
Керемет
Өте жаксы маған қатты ұнады.Осындай өлең қалдырып кеткен атамызға,шабыт берген Алла Тағалаға мың алғыс айтамын
Керемет
Маған И.Жансүгіров атамыздын өлендері ұнады рахмет көпкөп
Керемет маған ұнағанда сөзбен айтып жеткізе алмайсын !
Маған ұнады !
КЕРЕМЕТ
Керемет
Оте керемет жазылган унады илияс оте керемет акын браво
Өте керемет жазылған!Маған қатты ұнады.І.Жансүгіров домбыра өлеңі керемет жазылған.Осыдай кейін қалай домбыра ға қатыспаймың айтшыы!
Отее керемет ан