Бұл бетте «Жақсы сөз» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жақсы сөйле адамға,
Жақсы сөз –жарым ырыс дейді қазақта.
Жақсылық жақсыны шақырады,
Тіліңе ие болсаң қашанда.
Сөзбен жасалады тағдыр да,
Ғайбаттап, ешкімді қарғама.
Өмір деген бумеранг,
Келеді ертең – ақ басыңа.
Ешкімді өсектеп, сен күлме,
Оған да тағдырдың салған ісі де.
Жинама жаман карма өзіңе,
Құдайым сақтансаң сақтаймын дейді емес пе?
Жақсы сөйле, таза жүр,
Кетсін көңілдегі кір.
Термелеп жинама өзіңе,
Құдайдан жақсылықты тек тіле.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі