Құбылып тұрған бәйшешек – Бұқар жырау

Бұл бетте «Құбылып тұрған бәйшешек» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.11.2015
  • 0
  • 2
  • 14732
Құбылып тұрған бәйшешек
Қурай болар солған соң.
Ақиық бүркіт төмендер,
Екі қанат талғанда.
Сөзге көрме Абылай,
Мен пақырда сән бар ма,
Уақытым мұндай болғанда
Уақытым кетті басымнан,
Хан Абылай атанып,
Жайнап шықтың жасыңнан
Малмен ісің болғанда,
Уақытыңыз толғанда,
Қарашаң қашар қасыңнан.
Ханның жақсы болмағы-
Қарашаның елдігі.
Қараша халық сөйлесе,
Алтыннан болар белдігі.
Жақсы жігіт ұл туса,
Патшадан болмас кемдігі.
Айтсам сөзім таусылмас,
Тоқтатайын сөзімді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Гулайна

Кушты жазылган

Нуржан

Казирги заманнын жуз шумагы
Бурынгы бабаларымыздын бир
Шумагынада тен келмейди гой
Неге?

Осы автордың басқа өлеңдері