Сатпайтын нәрсе қалмады
Бұл бетте «Сатпайтын нәрсе қалмады» атты Ханбибі Есенқарақызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көңілім бар даладай,
Елім сүйіп, қолдаған.
Ақын жаны – баладай,
Баланы кім алдаған?
Біртуарын қолдаған,
Таланттары сорлаған –
Мұндай заман ешқашан
Сен туғалы болмаған,
Мен туғалы болмаған!
Жоқтық деген адамның
Қайда басын салмаған?
Күнін көріп өлместің
Жан сауғалар жарлы адам.
Дәуірдің бермек-алмағы,
Нашарға түсті салмағы.
Сатылып жатыр бәрі де,
Сатпайтын нәрсе қалмады.
Сатылу, сату бұл әлем,
Ісі жоқ обал, күнәмен.
Сатылып бір күн кетермін
Алушы болса – мына мен!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі