Арам болған жиырма бес –
Бұқар жырау
Бұл бетте «Арам болған жиырма бес» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арам болған жиырма бес
Қызықты күндер қыздырған,
Асау талқан бұздырған.
Қызды ауылды көргенде
Бұлаңдатқан жиырма бес
Төскейден қашқан түлкідей
Сылаңдатқан жиырма бес,
Күлдір - күлдір кісінетіп,
Күреңді мінген жиырма бес,
Күрек тісін қасқайтып,
Сұлуды құшқан жиырма бес.
Іздесең де табылмас.
Кәрілік шіркін не қылмас:
Апта бойыңды баса алмай,
Келін бала келгенде,
Аузыңды аша алмай,
Уақыттың ісі қиын - ды.
Уақытымыз жеткен соң,
Айтып-айтпай немене
Мезгіліміз өткен соң?
Жайнап тұрған қызыл шоқ
Су құйылып өшкен соң,
Жайнап жүрген заманым
Басымнан бүйтіп көшкен соң,
Уақытым жоқ , не айтайын,
Уақытым менің өткен соң,
Мезгіліміз жеткен соң.
Қатты тамақ шайнарға
Мен пақырда тіс бар ма?
Арыстандай ақырған-
Бөденеде күш бар ма?
Сахлина
Өте керемет өлең.Оны сабаққа өзім көп қолдандым