Керей қайда барасың?
Бұл бетте «Керей қайда барасың?» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Керей қайда барасың,
Сырдың бойын көбелеп?
Сен қашсаң да, мен қойман,
Арғымағым жебелеп.
Енді алдыңнан шығайын,
Жауған күндей себелеп.
Ақмырзамды өлтірдің,
Ақ сойылмен төпелеп.
Мен - арғын деген арыспын,
Азуы кере қарыспын,
Сен - бұзау терісі
шөншіксің,
Мен - өгіз терісі талыспын.
Абылай алдында сен бітсең,
Құдандалы таныспын.
Егер Абылай алдында бітпесең,
Атасын білмес алыспын:
Көшің кетер бір жаққа,
Малың кетер бір жаққа,
Көш соңынан жете алмай,
Есің шығар сол шақта.
Жар басына қамалып,
Жарты лашық тігерсің.
Ауызыңнан ас кетер,
Қара көзден жас кетер.
Бұ қылығың қоймасаң,
Сонау кеудедегі дулығадай бас кетер.
идеясы не туралы
Кулумшина
Керей руы iргесiн ажыратып кошкен кез.
나는 칭신 나비다문눌
사라니
Бабаларымыз жазғандары көңіліңізді шалқытып, кеудеңдегі намысын ды балқытып,шабытыңды қазақ екендігін жеткізеді ғой.Бабалар үні өшпесін!!!