Бұл бетте «Дала заңы» атты Гульнази Назарова жазған табиғат туралы өлең берілген.
Жазылмаған бар дала заңы,
Дастандар мен аңыздарда айтылады.
Бабамның еркін өскен ұрпағымын,
Қорғаған ел мен жерін батырлары.
Ұстаған биік қылып ар-ұжданды,
Ақиқат пен адалдық серті болды.
Намысты бермей қолдан,
Болашақ тіректері болды мықты.
Ақсақал билеген бір әулиетті,
Кез келген сұрақтары шешіледі.
Көреген көне көз қарияға,
Үлкен –кіші бас иеді.
Жетімін ешқашан жылатпаған,
Әмеңгерлік жолменен қолға алған.
Тағдырдың қиынына мойымаған,
Осындай дала заңы жазылмаған.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі