Тілек
Бұл бетте «Тілек» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бірінші тілек тілеңіз:
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз:
Ең шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз:
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз:
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз:
Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз:
Алпыс басты ақ орда,
Ардақтаған аяулың.
Күнінде ертең біреуге
Тегіннен тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз:
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз:
Сегіз қиыр шар-тарап,
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз:
Төреңіз тақтан таймасқа,
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз:
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрсағын кеңейткен,
Тас емшегін жібіткен,
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз:
Он бармағы қыналы,
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Дауысы қудай саңқыған,
Назыменен күлдірген,
Құлқыменен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа.
Керемет.Қандай даналық пен көріпкелділік жатыр.Осы кісілердің сөздерін өмірімізге пайдалана білсек.
Керемет
Осынын бас жагы ктапта бар вообще баска го)
Керемет. Осындай акындар казыр жоккой шыркын.
Керемет өлеңдер
Бир туар жыршы гой ширкин!!!
мықты керемет
Керемет !!!
керемет
керемет
Керемет күшті жазған
Керемет
өте керемет, осындай талантты ақындар санаулы - ақ
Не деген керемет дана шешен создер десеңші
Өте-өте керемет!
Керемет маған ұнады
Бес уақыт бес намаз қаза болмасқа дейді. Қаратаудың басынан көш келеді, келген сайын бір түйе бос келеді деген шумақ өлеңдер жазылған кезде, сол тұста шыққан өлеңдер. Ата бабамыз қиыншылық заман болсада намазын қаза қылмаған
оте керемет екен максуттан 10бал
Шеше сен бакыттысын дегендегы оленде Зор магына берреды екен
Осы мына тілек деген өлеңде қаншама мағына жатыр қандай керемет жазылған!!! ☝️☝️
астарында қандай даналық жатыр десеңізші, әдебиетші ретінде айтсам барлық жағынан қамтып өткен. Қарт,ана, сүйген жар, намаз деген адам баласы үшін ең бір асыл дүниелердің бірі
топ
Халмурат Умиджан 9б шымкент талант н1 кым келедц соган сушняк атам 1.5л макси чай
Жаттауға бізге беріпті оқып мағынасын түсінгенде барлық өмірін көзінен өтіп кетеді, барлық 11 тілектің қадірін қазір ғана түсініп отырмын бірақ қателік бар біздің жан-дұшпанымыз,жан-аяулайтын анамыз құрсағында 10 ай емес 9 ай көтерген
Бұқар жыраудың «Тілек» өлеңі адам өміріндегі ақ ниет пен ізгі тілектерді терең күшпен жеткізетін классикалық поэтикалық туынды. Бұл шығармада әрбір тілек — адам өмірінің мәніне, әділеттік пен моральға бағытталған даналық сөздерге бай, оқырманды осындай асыл ойларға жетелейтін мағыналы материал.
Бұл кереметі. Бірақ кейде кітаптағыдан басқа екен. Менде кітабы бар