Ай не болар күннен соң?

Бұл бетте «Ай не болар күннен соң?» атты Бұқар жырау жазған соғыс туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.11.2015
  • 0
  • 2
  • 20285
Ай не болар күннен соң?
Күн не болар айдан соң?
Құлпырып тұрған бәйшешек
Қурай болар солған соң.
Хандар киген қамқа тон
Шүберек болар тозған соң.
Еңсесі биік кең сарай
Мортық болар бөлген соң.
Төрде отырған қарт бабаң
Төресін жаңылар малдан соң.
Төркіндеген бикешің
Тіркеусіз о да қайтар малдан соң.
Доңғалақ арба жүре алмас,
Қос арысы сынған соң.
Жігіт жақсы бола алмас
Алғаны жаман болған соң.
Қос - қос орда, қос орда
Қосыла қонбас малдан соң.
Қоспақ өркеш сары атан
Қом жасамас майдан соң.
Төс аршынды сұлуың
Сілкіп төсек сала алмас жардан соң.
Байдың ұлы көрпелдес
Шұбалаңқы тартады
Айдап жүрген малдан соң.
Үлдемен басын ораған,
Семсермен шашын тараған,
Қиғаштап қасын қараған,
Күлгенде күрек тісі қасқайған,
Қынайда белін буынған,
Ол не болар ерден соң?


Пікірлер (2)

Курбангуль

Өте жақсы

Диар

Краш

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ай не болар күннен соң? өлеңінің авторы кім?

Бұқар жырау — осы өлеңнің авторы.

Ай не болар күннен соң? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ай не болар күннен соң? өлеңі не туралы?

Бұл шығарма соғыс туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ай не болар күннен соң? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері