Эстон топырағы

Бұл бетте «Эстон топырағы» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1002
Сұрғылт-қызыл, жансыздық елесіндей,
іреңі тым жүдеген,
нәзіктігі адамның денесіндей
жалаңаш, үлбіреген.
Неткен кедей, жоқтай бір нұрында айбын,
өшкендей оты-жаны.
Үн шығармай жай ғана сыбырлаймын:
«Эстонның топырағы...»
Мульгимаада қоңырқай дала жаны,
Вооремада аздаған құнарлырақ;
сұрғылт тасты теңіздің жағалары
тамырсыз тұрар жылап.
Ылғал барда көгерер жер жақсысы,
жылу да жоқ, ызғардай оттың басы;
өнім нашар, тұқым аз, ең бастысы –
күтім де жоқтың қасы.
Көз жүгіртсең - кендікке тоқтау бар ма –
көкжиекке көсіліп ақы-бұлсыз,
ән боп шалқып, жырланған жоқтауларда
шалғын жер жатыр үнсіз.
Неткен керім, табиғат, ғаламатың –
орман, сулар, кешегі қала, затың –
барлығын түрлендірген:
қойдың араластырып жермен, күлмен.
Қарт партизан - маңдайда түнған із бар –
жерді уыстап сәбидей өбектейді:
«Құнары аздау, жетпейді ылғал, тұздар –
нәр беру керек...» - дейді.
Мен сенемін - жарқылдар сенің нұрың,
сен жайлы өлең ұрпағың оқыр әлі.
Болғай деймін саған нәр менің жырым
Эстонның топырағы,
Эстонның топырағы!

ДЕБОРА ВААРАНДИ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Эстон топырағы өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Эстон топырағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Эстон топырағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Эстон топырағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері